Президент Ұлыбритания елшілігінде көңіл айту кітабына жазба қалдырды

0
175
Президент Ұлыбритания елшілігінде көңіл айту кітабына жазба қалдырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне барды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігіне барып, II Елизавета Патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, – делінген хабарламада.

Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Бұған дейін президент ІІ Елизавета Патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдағаны хабарланған еді.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Король ІІІ Карлдың, корольдік отбасы мен барлық британдықтардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

Дереккөз: Zakon.kz



ПІКІР ЖАЗУ