Президент жақында күшіне енген тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қатысты пікір білдірді

0
99

«Жақында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тосқауыл болатын арнайы заң күшіне енді,-деп хабарлайды politico.kz

Бұл – өте қажетті құжат. Бұл мәселе бойынша менің көзқарасым – баршаңызға айқын.

Еліміздегі әрбір шаңырақ қазақ отбасының үлгісіне айналуы керек. Әрине, қабылданған заң барлық қатерді бірден жойып жібермейді. Бұл – ұзақ әрі күрделі үдеріс.

Заң жазалау үшін емес, ең алдымен, құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін маңызды. Оған бүкіл қоғам болып атсалысу қажет. Осы жолда ақпарат өкілдерінің рөлі ерекше»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


ПІКІР ЖАЗУ