Қайрат Нұртас бостандыққа шықты

0
5835

Ұшақтағы оқиғадан соң қамауға алынған әнші Қайрат Нұртас бостандыққа шықты. Өнер иесін ата-анасы, достары, тіпті жанкүйерлері қарсы алды. Бұл туралы Politico.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Мен үшін алаңдап, қолдау білдіргендердің барлығына рахмет. Менде барлығы жақсы», – деді Қайрат Нұртас.

Әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова тілшімізге берген сұхбатында ешкімнің түрмеге түскенін қаламайтынын айтып, барлығына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Айта кетейік, 5 шілде күні танымал әнші ұшақта танысымен жанжалдасып, оның соңы төбелеске ұласты. Қайрат Нұртас ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамалды.

Сот шешімімен келіспеген өнер иесі апелляциялық шағым түсірген. Бірақ шешім өзгеріссіз қалды.

Фото: instagram.com/kair_n


ПІКІР ЖАЗУ