Қайрат Нұртас Жұлдыз Әбдікәрімованы қолдау үшін Атырауға барды

0
231

Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас өзінің әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімоваға қолдау білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.7

Ол жарының көңілін көтеру үшін Атыраудағы спектакліне арнайы барған. Бұл сәттің видеосы Қайраттың Instagram-дағы сторисінде жарияланған.

Қайрат Жұлдыздың қойылымына құшақ гүлмен келіп, драмалық спектакльді көпшілікпен бірге тамашалаған.

Ал қойылым аяқталған соң ол сахнаға шығып, Жұлдыз Әбдікәрімоваға гүл шоғын ұсынған.

Бәрі керемет өтті! Сәттілік тілеймін, – деді Қайрат.


ПІКІР ЖАЗУ