Қалыңдық party өткізген Айгүл Иманбаеваға құрбылары не сыйлады?

0
157

Әнші Айгүл Иманбаева қалыңдық кешін ұйымдастырған құрбыларына алғыс айтты.

Өнер иесі тұрмысқа шығар алдында жақын құрбысы өзіне естен кетпес тосынсый ұйымдастырған. Жаңа отау иесіне «Қалықдық Party» жасап берген. Өнер иесінің «Hen party» шарасы Англияда ерекше локацияда өткен.

Мен негізінде адал достардан жолым болған адаммын! Ешқандай жасандылықсыз, есепсіз, үнсіз бір-біріңді қабағыңнан ,көзқарасыңнан түсінетін дос – ол менің өмірдегі бір байлығым! Сондай достарымның қатарында ағылшын елінде менің досым – Гүлшекерім бар. Бір үйде бір жыл бірге тұрдым, бір нанды бөлісіп жедім, ұзақ жолдарда бірге жүрдім – бәрін айта берсем ұзақ болар! Сезгенім оның маған аңқылдаған адалдығы, кіршіксіз тазалығы! Жанының тазалығы, жүрегінің кеңдігі, ниетінің түзулігі, өресінің ашықтығы бәрі- бәрі – бір кішкене ғана қазақтың қызы Гүлшекердің бойынан табылады. Жаратқанның бұл сыйына алғысым шексіз. Ал мына видео Гүлекемнің мен күйеуге шығардағы жасаған тосынсыйы «Қалыңдық патиі». Гүлекем! Жаным сол, сізге алғысым шексіз», – деп жазды Иманбаева.

Кілтсөздер:Айгүл Иманбаева


ПІКІР ЖАЗУ