Қарттар үйі өртеніп, 10 адам қаза тапты
Испаниядағы Сарагоса қаласына жақын маңда орналасқан қарттар үйі өртеніп, кем дегенде 10 адам қаза тапты, тағы бірнеше адам жараланды.
Сарагосадан 28 шақырым жердегі Вильяфранка де Эбро елді мекенінде орналасқан қарттар үйі жұма күні таңертең өртенген.
Жергілікті билік кем дегенде 10 адамның қаза тапқанын, екі адамның жағдайы ауыр екенін хабарлады. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз.
Қарттар үйінде 82 адам тұрады. Мұнда деменцияға ұшырағандар, психикалық ауытқуы барлар емделеді.