Қазанда Алматыға Илон Масктың анасы келгелі жатыр

0
192

Америкалық кәсіпкер, Tesla-ның негізін қалаушы Илон Макстың анасы Мэй Маск биыл 17 қазанда Алматыда өтетін BeWoman Ортаазиялық әйелдер форумына қатысады. Бұл туралы іс-шараның ұйымдастырушылары хабарлады.

Қонақ алматылықтармен денсаулық, қартаю, гендерік теңдік, балаларды жалғыз асырау мен қиындықты еңсеріп, өзіңе деген сенімділікті арттыру тақырыбында әңгіме өрбітеді.

Айта кетсек, Мэй Маск – екі ғылым магистрі дәрежесі бар диетология ғылымдарының докторы. Ол 45 жылдан аса уақыт бойы өзінің тамақтану бизнесін басқарады және кеңес береді.

Маск Оңтүстік Африканың кеңесші диетологтар қауымдастығының бірінші өкілі, Канаданың кеңесші диетологтар президенті және АҚШ-тың тамақтану және диетология академиясының диетология кәсіпкерлерінің төрағасы болды. Сондай-ақ АҚШ-тағы «Диетология саласындағы көрнекті кәсіпкер» марапатын иеленді.

Мэй Маск 15 жасынан батсап модель болып жұмыс істейді. Ол 60 жасында Таймс-сквердегі жарнамалық 4 билбордта бой көрсетті, бұл – нағыз рекорд. Ал 69 жасында CoverGirl-дің ең үлкен моделі атанса, 73 жасында Dior Beauty амбассадоры болды.

Сонымен қатар Мэй АҚШ-тағы мектептерге, отбасыларға және қауымдастықтарға өз тағамдарын арттыруға көмектесетін Big Green коммерциялық емес ұйымының жұмысына белсенді қатысады.

Фото: vokrug.tv



ПІКІР ЖАЗУ