Қазақстандық танымал актриса күйеуімен ажырасып кеткенін растады

0
73

Қазақстандық танымал актриса күйеуімен ажырасып кеткенін растады. 

Өнер иесі бұл жаңалығын Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

Бүгін жеке өміріме қатысты шындықты айтатын уақыт келді. Сіздердің күдіктеріңіз расталды. 4 қазанда біз ресми түрде ажырастық, – деп жазды ол.

Әсел Сәдуақасова жолдасы екеуі жақсы дос бола білгенімен, отбасы ретінде тіл табыса алмағанын жеткізді.

Бұл ортақ шешім болды. Ешкім ешкімді тастап кеткен жоқ, бұл шешімге дейінгі әр қадамды жақсылап ойланып, бірге қабылдадық. Бірден айтайын. Мағжан маған жақын адам болды және болып қала береді. Мен оған бәрін ашық айта алатынмын, сендім және біз бір-бірімізге ең жақын адам болдық, бірақ біз отбасы ретінде ортақ тіл табыса алмадық, – деді актриса.

 


ПІКІР ЖАЗУ