Қазақстанның қай қалаларында пәтер арзан?

0
21

Қазақстанда ең арзан тұрғын үй Қызылорда қаласында орналасқан, деп хабарлайды Krisha.kz.

Қызылордадағы пәтер бағалары басқа өңірлермен салыстырғанда едәуір төмен:

  1 бөлмелі пәтер – 7,5 млн теңге;

  2 бөлмелі пәтер – 12 млн теңге;

  3 бөлмелі пәтер – 16 млн теңге.

Қызылордадан бөлек, қолжетімді баспанасы бар қалалар қатарында Тараз, Талдықорған және Жезқазған да аталды. Бұл қалалардағы орташа бағалар:

  1 бөлмелі пәтер – 9,5-10,5 млн теңге;

  2 бөлмелі пәтер – 14 млн теңге;

  3 бөлмелі пәтер – 21-23 млн теңге.

Қазақстандағы ең қымбат тұрғын үйлер

Алматы тұрғын үйі ең қымбат қала ретінде көш бастап тұр:

  1 бөлмелі пәтер – 24 млн теңге;

  2 бөлмелі пәтер – 36 млн теңге;

  3 бөлмелі пәтер – 44 млн теңге.

Астана екінші орында. Мұнда пәтерлер бағасы Алматыдан төмен болғанымен, орташа көрсеткіштен жоғары:

  1 бөлмелі пәтер – 18 млн теңге;

  2 бөлмелі пәтер – 26,8 млн теңге;

  3 бөлмелі пәтер – 39,5 млн теңге.

Шымкент қаласы үшінші орынға тұрақтады:

  1 бөлмелі пәтер – 15,5 млн теңге;

  2 бөлмелі пәтер – 22,5 млн теңге;

  3 бөлмелі пәтер – 28,5 млн теңге.

«Қазақстан қалаларындағы тұрғын үй бағасы олардың экономикалық жағдайына, сұранысқа және инфрақұрылымдық даму деңгейіне байланысты әртүрлі. Елімізде арзан баспананы шағын қалалардан табуға болады, ал ірі мегаполистерде, әсіресе Алматы мен Астанада, пәтерлер бағасы айтарлықтай жоғары», — дейді мамандар.


ПІКІР ЖАЗУ