«Қазір сөз таситын енелер бар». Келіндерге ақыл айтқан блогер жұртқа жақпай қалды

0
203

Блогер Ханымжан Көлбаева желіде жаңадан түскен келіндердің қателігін тізіп, ақыл-кеңесін білдірді.

Ол Instagram парақшасында келіндердің сыр сақтамайтынын ерекше айтып өтті.

«Сөз таситын келіндерге айтарым! Кейбір келіндер келген отбасының барлық болып жатқан тұрмыс тіршілігін, дымын қалдырмай жан-жаққа жайып жүргенін естиміз….

Келген отбасыңды нағыз отаным деп қабылдап, үйдегі сырды сыртқа шығармаған дұрыс. Ақылды парасатты келін екі рулы елдің ортасындағы алтын көпірді кірлетпейді. Отбасының берекесі осындай кішігірім ұстанымдардан тұрады», — дейді блогер.

Алайда блогердің бұл кеңесі желі қолданушылары тарапынан сынға ілікті.

«Әуелі ененің өзі үйде сөзді шығармауы керек, келген келінге үлгі болуы қажет», «Қазір сөз таситын енелер бар», «Екінің бірі ақыл айтқыш, негізі ой-өрісі кең саналы, апа әжелер еш уақыт келінді кінәламайды, кінәні ақылды адам алдымен өзінен іздеуі керек», «Ене жақсы болса, келін де жақсы болады гой», — деп жазды желі қолданушылары.


ПІКІР ЖАЗУ