Қоғам белсендісі асабаларды лицензиялауды талап етті

0
530

“Бір кітапты соңына дейін оқымаған топас тамадаларға тосқауыл қойған дұрыс” деп мәлімдеді қоғам белсендісі Тортуыл Шоқан.

Оның ойуынша, той жүргізіп, ақша табатын асабаларға заң бойынша тосқауыл қойған жөн.

«Қоғамда тағы бір өзекті мәселе бар. Ол, той өткізу үрдісі! ҚР мәдениет министірлігі тамада біткенді лицензиялауды қолға алуы тиіс!

Әуелі қазақтың тойын өткізудің мөлшерлі жарғысын бекітіп, лицензиясы бар тамадалар бұл жарғыны бұзған жағдайда той өткізу рұқсатынан айыру қажет! Болмаса, мәдениеттен жұрдай болып барамыз! Сосын, тамадалар ИП тіркеп, салық төлесін. Осы рұқсат-лицензиясымен той жүргізсін! Бір тойдан 1 млнға дейін сыйақы алады, бәрі қалтасына. Күніне 10 мың әрең табатын таксисттен жандары артық емес! Сосын, қазақта жоқ әдет – құда-құдағиды көрпеге орау, ортасына шар жарғызу, т б түрлі арсыз ойындар сап тиылады. Әлемжеліге шыққан бейәдеп істердің қай тойда болғанын, ол тойда кімнің тамада болғанын анықтау қиын емес!

Бір кітапты соңына дейін оқымаған топас тамадаларға тосқауыл қойған дұрыс!», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасына.

«Балқия» мен «Көкжигули» әні хит болған елдің өресі жоғары деуге келмес», «Мектепті зорға бітірген Сабыржан шырақ. Ұялмайтын бетке талмайтын жақ берген екен өзі де. Қазақстанға барып, сайрағыш боп кетті әйтеуір. Өзбекстанда тамада емес еді», «Дұрыс ұсыныс! Бір тосқауыл қоятын уақыт болды!» деп оны желідегі жазылушылары қолдай жөнелді.


ПІКІР ЖАЗУ