«Қожаның баласы, бізден көп біледі»: Мейрамбек Бесбаев қызының атын Әбдіжаппар Әлқожаға қойғызды

0
621

Үшінші рет әке атанған Мейрамбек Бесбаев қызының дүниеге келуіне тілеулес болған Әбдіжаппар Әлқожаға алғыс білдірді. Өнер иесі қызының азан шақырып атын қойды.

“Әбджіппарды ортаға алып, әңгімені осыдан бастасам деп тұрмын. Досы екеуі «Аға, көкпар беріңіз» деді. Содан ниеттенейікші деп, Тараздың төрінде үлкен көкпар бердік. Артынша елдің дұғасы қабыл болып, Айзиядай қызымыз келіп отыр. Ең бірінші осы хабарды естіген кезде мен Әбдіжаппарға хабарластым. «Келші, ешкімге айтпайтын сырым бар» дедім. Қуанышым қойныма сыймай жатты. «Әбдіжаппар, сенің осы кішкентай ниетіңе осындай жағдайлар болды. Құдай қаласа, ұл бола ма, қыз бола ма, атын өзің қойып, азан шақырасың» дедім. Бұл қожаның баласы ғой. Көп нәрсені бізден жақсы біледі», – деді Мейрамбек Бесбаев.

Айта кетейік, эстрада жұлдызы қызына ерекше ат қойған. Сөзінше, оны қызы Кәусар таңдаған көрінеді.

«Қызымыздың атын сұрап жатқан жандарға арналады. Кәусар қызымыз кішкентай бүлдіршінді Айзия деп атады», – деді әнші.


ПІКІР ЖАЗУ