Қырғызстан Қазақстаннан барған 302,4 мың дана жұмыртқаны кері қайтарып жіберді
795
Қазақстаннан бара жатқан өнім шекара бекетінен ары өте алмады. Бұл туралы Қырғызстанның Cу ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрлігі хабарлады.
«Ақ-Тілек» өткізу бекетінде шекаралық ветбақылау инспекторлары тауарларды тексеру барысында Қазақстаннан Қырғыз Республикасының аумағына 302 мың 400 дана тауық жұмыртқасын өткізу кезінде ЕАЭО ветеринариялық-санитариялық ережелерінің бұзылғанын анықтаған.
«Ақ-Тілек» өткізу бекетінің инспекторлары жүкті тексеру барысында тауық жұмыртқасында таңбалау жоқ екенін, сондай-ақ жүк тасымалдау кезінде ветеринариялық-санитариялық талаптар сақталмағанын анықтады.
«Ақ-тілек» бақылау бекетінің инспекторлары тарапынан тиісті кері қайтару актілері жасалып, жүк сол бекет арқылы Қазақстанға қайтарылды, - деп хабарлады Қазақпарат.
Соңғы жаңалықтар
05.06.2026
23:12
“Мас болғанын жасыруға тырысқан”: Алматыдағы Ze...
05.06.2026
22:22
«Қамзол жоғалмағанда, Қыз Жібекті де еске алмас...
05.06.2026
21:14
“Сериялық маньяк өлтірді”: Шиелі мен Жаңақорған...
05.06.2026
20:18
“Қазақ деген ұлт жоқ”: Қырғыз философының мәлі...
05.06.2026
19:16
Астанада екінші әуежайдың салынатын орны белгіл...
05.06.2026
18:11
Нұрлан Сабуровқа қатысты күмәнді ақпараттың ақ-...