Қызылордалық жігіт әйелдерге интимдік қызмет көрсету бөлмесін ұсынған

06.08.2024
13:01
0
384
Қызылордада ер адам интимдік қызмет бөлмесін ұсынғаны үшін жауапқа тартылды. Оған 390 мың теңгеге жуық айыппұл салынды.
Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам саунада жұмыс істейді. Ол бұрын да осындай қылмыс жасап, жауапқа тартылған. Соған қарамастан екі әйелге жыныстық қызмет көрсету бөлмесін ұсынған.
Сот отырысында ол өзінің кінәсін толық мойындап, айыппұлмен құтылды.
М.-ның заңсыз әрекеттері куәгерлердің іс бойынша айғақтарымен, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен және істің басқа материалдарымен дәлелденді. Құқық бұзушы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 450-бабы 2-бөлігі («Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну, Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол әрекет») бойынша кінәлі деп танылды. Оған 387 660 теңге сомасында әкімшілік айыппұл тағайындалды, – деп мәлімдеді Қызылорда қаласы Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты.Фото: kartinki.pics
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

15.07.2025
19:15
Мөлдір Мұқанова Қайрат Нұртастың қызын жұмысқа ...

15.07.2025
18:36
Қателік жасауыма жол бермеді – Жұлдыз Әбдікәрім...

15.07.2025
18:34
Ақмола облысында депутат үйін тонатып алды

15.07.2025
17:45
Әнші Айдар Тұрғанбек Смановпен кездескені үшін ...

15.07.2025
17:02
Марғұлан Сейсембай танымал трендті қайталады

15.07.2025
16:57
Руслан Өтепбай ел естімеген қуанышты жаңалығын ...