«Анасы өлтірген»: Абай облысында жоғалған қызға қатысты тың дерек шықты

0
1342

Абай облысында бір апта бұрын із-түзсіз жоғалған қыз өлі табылды.

30 жастағы Динара Досымбекованы өлтірді деген күдікпен туған анасы қамауға алынды. Марқұм 26 мамыр күні жоғалып кеткен. Оның із-түзсіз жоғалғанын айтып, анасы полицияға арыз түсіріпті.

Тіпті ауылдан Семей қаласына бармақ болып, «Қызым таксиге мініп кетті» деп өтірік мәлімет берген. Алайда полицейлер бейнебақылау камераларын түгел тексеріп, жоғалған әйелді таппады.

Тек бір аптадан кейін өз қызын өлтіріп, мәйітін жасырды деген күдікпен туған анасы ұсталды. Қазір күдікті қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлерімен қабылданған шаралардың нәтижесінде 30 жастағы қыздың жоғалып кету мән-жайы анықталды. Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті әйел қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды.


ПІКІР ЖАЗУ