Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен Жетысу облысы аумағында бірқатар іс-шаралар өткізілді

0
184


Аталған іс-сапардың мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.


Аталған бағытта жалпы саны 20 дан аса іс-шара ұйымдастырылып, 700-ден астам адам қамтылды.


Аталған іс-шараға: Әділбаев Алау Шайқымұлы – «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің профессоры, аға оқытушы, Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы – ҚР ҒжЖБМ Ғылым комитетінің философия, саясаттану және дінтану орталығының директоры, PhD докторы, Cүлейменов Жандаулет Отарбайұлы – Теология ғ.магистрі, сарапшы, Берікбаев Елнар Ғалымжанұлы – Президент жанындағы жастар кеңесі мүшесі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, дінтанушы, PhD докторы, Әліп Тұрсынғали Төреғалиұлы – Дінтанушы, гуманитарлық ғ.магистрі секілді дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.


Түсіндіру тобының мүшелері Талдықорған, Текелі қалаларында және Көксу, Кербұлақ,​ Панфилов аудандарында болды. Олар халық арасында «Жат діни ағымдардың жастарға кері әсері», «Жат діни ағымдардың жастарға кері әсері», «Зайырлы мемлекет ұлт пен дін тұтастығының кепілі», «Ұлт пен дәстүр» және т. б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында түзету мекемесінде жазасын өтеушілер, жаттықтырушылары мен спортшылары, қандастар мен өзгеде этнос өкілдері, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыз жастарды, ауыл тұрғындарын, мешіт жамағаты және т.б. топтар қамтылды.


ПІКІР ЖАЗУ