Роналду – әлеуметтік желілерде 1 млрд жазылушы жинаған әлемдегі алғашқы адам

0
105

Әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду әлеуметтік желілерде 1 млрд жазылушы жинап, мұндай жетістікке жеткен әлемдегі алғашқы адам атанды.

Ол әлеуметтік желілерде 1 млрд жазылушы жинағанын Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлап, барша жанкүйеріне алғыс айтты.

Біз тарих жасадық – 1 миллиард жазылушы! Бұл жай ғана сан емес – біздің ойынға деген ортақ құмарлығымыздың, сүйіспеншілігіміздің дәлелі. Мадейра көшелерінен бастап, әлемдегі ең үлкен алаңдарға дейін мен әрқашан отбасым үшін және сіздер үшін ойнадым. Енді 1 миллиард болдық. Маған сеніп, қолдағандарыңыз және өмірімнің бір бөлігі болғандарыңыз үшін рахмет! Ең жақсысы әлі алда, біз бірге жеңіске жетіп, тарихқа енеміз, – деп жазды Роналду.

Айта кетсек, «Алтын доптың» бес дүркін иегері 2023 жылдан бері Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубында ойнап жүр. Ол Еуропа чемпионаты, Чемпиондар лигасы, клубтық әлем чемпионаты тарихындағы үздік сұрмерген саналады.



ПІКІР ЖАЗУ