Рулі оң жақтағы таксилерге тыйым салынады

0
63

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Яндекс.Такси» мен Indriver өз платформаларында рулі оң жақтағы көліктерді тіркемейді.

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда рулі оң жақтағы таксилер жұмысын тоқтатады Бұл туралы бүгін үкіметтегі брифингте Көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

Қарабаевтың айтуынша, енді осы екі компания жаңа жылға дейін платформадағы рулі оң жақтағы көліктерді платформадан алып тастайды.

«2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Яндекс.Такси» мен Indriver өз платформаларында рулі оң жақтағы көліктерді тіркемейді. Көлік министрлігі мен осы екі компания арасында тиісті келісімге қол қойылған», — деді ол


ПІКІР ЖАЗУ