Сабина Мовлаева желіде тараған интим видеоның сараптамалық қорытындысын жариялады

0
107

Жуырда әлеуметтік желіде блогер Сабина Мовлаеваға қатысты интим видеосы таралғаны туралы ақпарат шықты. Алайда Сабина бұл мәліметті жоққа шығарып, арнайы сот сараптамасын жасатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен өз сөзімде тұрдым. Өздеріңіз білесіздер, маған үлкен жала жабылды. Бүгін мемлекеттік экспертиза қорытындысы шықты», – деді блогер.

Сабина Мовлаеваның адвокаты Есімбол Мамырхановтың айтуынша, портреттік сараптама қорытындысы видеодағы адамның Сабина емес екенін анықтаған.

«Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде интим және тіпті порнографиялық сипаттағы видео таратылып, салдарынан Сабина Мовлаеваны негізсіз айып тағылды. Қолымыздағы сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, видеода мүлдем басқа әйел бейнеленген. Сарапшылар заманауи криминалистика әдістерін қолданып, адамның бет-әлпетіне байланысты ұқсастықтар мен айырмашылықтарды нақты анықтады. Осы дерек бойынша біз полицияға жүгіндік. Қазіргі таңда жала жабу және порнографиялық материалдарды тарату фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр», – деді адвокат.

Сонымен қатар, ол кінәлі тұлғалардың жауапқа тартылатынын атап өтті.



ПІКІР ЖАЗУ