Сайлауда азаматтардың қатысуы шектеліп, бәсекелестік жетіспеді – Халықаралық бақылаушы

0
178

«Сайлауда бәсекелестік жетіспеді». Бұл туралы ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының сайлауды бақылау миссиясының жетекшісі Урсула Гачек ЕҚЫҰ бақылаушылары өткізген баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Айтуынша, миссия жұмысына сайлаудан бір ай бұрын кіріскен.

Біз қазанның ортасынан бері жұмыс істей бастадық. Сайлау күні 300-дей байқаушы болды. Олар Қазақстан Республикасының барлық аумағында орналасты. Сайлау орындарының ашылуын бақылады. Жалпы айтқым келетіні, сайлау тек қана бір күндік жұмыспен шектелмейді. Яғни біздің миссиямыздың жұмысы бір күн ғана тексеріп қоюдан тұрмайды. Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауында бәсекелестік жетіспеді. Сайлау туралы нормативтік құқықтарды халықаралық стандарттарға және ЕҚЫҰ міндеттемелеріне сәйкестікке келтіру қажет екенін көрсетті, -деп атап өтті бақылау миссиясының жетекшісі.

Сонымен қатар ол қазіргі президент парламенттік партиялардың бірлескен кандидаты ретінде сайлауға түскендігін алға тартты.

Қазіргі президент парламенттік партиялардың бірлескен кандидаты ретінде сайлауға түсті және шынын айтқанда, іс жүзінде оған науқан кезінде үлкен сынақ болған жоқ. Байқаушылардың айтуынша, азаматтардың толық қатысу қабілеті айтарлықтай шектеулі болып қала береді. Соның ішінде негізгі бостандықтардың шектеулеріне байланысты сайлау органдары сайлаушыларға БАҚ арқылы ақпарат берді. Алайда бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау науқанын аз жариялау және аналитикалық-талдамалық деректердің болмауы сайлаушылардың саналы түрде таңдау жасау мүмкіндігін шектеді, – деді Урсула Гачек.

democracy.kz

adyrna.kz


ПІКІР ЖАЗУ