Саясаттанушы кезектен тыс президент сайлауы қашан өтетінін айтты
Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау қашан өтетіне қатысты болжам жасады.
«Апта өте мазмұнды болмақ: Әлемдік діндер съезі, Қытай төрағасының сапары және Самарқандтағы ШЫҰ саммиті. Қызық, Конституцияны реформалау, сайлауды жариялау осы жерге сыя ма? Науқан 2 айға созылуы керек, ал ең айқын күндер 20, 24 қараша және 4 желтоқсан», – деп жазды ол өзінің телеграм-арнасында.
Естеріңізге сала кетейік, Тоқаев биыл күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізетінін хабарлады. Сондай-ақ ол президент мандатын 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынған болатын.
Дереккөз: «Адырна» ұлттық порталы