Сенат отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды қабылдады
Заң екінші оқылымда мақұлданды.
Заң мақұлданған кезде күтілетін нәтижелер:
әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейту;
балаларды сексуалдық зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейту;
өзін-өзі өлтіру және сексуалдық зорлық-зомбылық жағдайларын азайту;
өмірде қиын жағдайларға тап болған отбасылар үшін жағдайды жақсарту;
арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, неке және отбасы институтын нығайту.