Шенеуніктер киік мүйізін Қытайға сатқалы жатыр

0
126

Экспортты 2025 жылы бастау жоспарланған Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев еліміздің Шығыс елдеріне ақбөкен мүйізін сататынын айтты,-деп хабарлайды politico.kz

Бұдан бұрын министрлік Қазақстандағы киіктердің саны аулау және ату арқылы реттелетінін хабарлап, елді бір дүрліктірген еді. Содан соң елімізде сирек кездесетін ақбөкен етін заңды түрде сатуға болатынын да атап өтті. Алайда мүйізді сатуға қатысты мәселе ашық күйінде қалған-ды.

Министрге журналистер тарапынан желіде ақбөкен мүйізін Қытайға экспорттайтыны туралы ақпарат тарап жатқаны және оны Шығыс елдері дәрі-дәрмек жасау үшін пайдаланатыны туралы сұрақ қойылды. Мұны ол растады. Алайда мүйіздер қазір сатылмайды.

Ақбөкен мүйіздері – дәстүрлі түрде Шығыс елдерінде, негізінен Қытайда фармацевтиканың құрамдас бөлігі. Бүгінде біз оларды экспорттай алмаймыз. Өйткені CITES халықаралық ұйымы жануарлардың, соның ішінде ақбөкендердің кейбір түрлерінің мүйізі мен дериваттарын экспорттауға тыйым салған, – деді Ерлан Нысанбаев.

Сондай-ақ ол Қоршаған ортаны қорғау министрлігі шенеуніктерінің киік мүйізін сатуға рұқсат алу үшін Швейцарияға барғанын айтты. Экспортты 2025 жылы бастау жоспарланған.

Біз келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Комитет төрағасының орынбасары Женевада, CITES-тің орталық кеңсесінде, жабайы табиғат комитетінде болып, киіктердің бөліктері мен дериваттарын экспорттауға салынған тыйымды алып тастау мәселесі талқыланып жатыр. Рұқсат алудың болжамды мерзімі – 2025 жыл. Біз оны қазір сатпаймыз, бірақ болашақта ақбөкеннің мүйізін сыртқы нарыққа шығаруды жоспарлап отырмыз, – деді Экология және табиғи ресурстар министрі.


ПІКІР ЖАЗУ