Шерзаттың өлімі: Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданы прокуроры қызметінен кетті

0
3467

18 қазанда Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметтік лауазымдарынан босатылды.

Бас прокуратураның Telegram-дағы ресми арнасында пайда болған ақпаратқа сәйкес, 18 қазанда Бас прокуратураның бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары С. С. Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Е. К. Бекманов атқаратын лауазымдарынан босатылды.

Қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болуы негіз болды.

Кілтсөздер:шерзат болат


ПІКІР ЖАЗУ