Шерзаттың өліміне күдіктілердің жақындары шұғыл үндеу жасады
16 жастағы жасөспірімді өлтірді деп күдікке ілінгендердің жақындары Шерзаттың әкесі мен анасына да қылмыстық іс қозғауды сұрап жатыр.
Бұл жайлы журналист Руслан Өтепбай мәлімдеді.
Тағы да Талғар…
Шерзаттың әкесі мен ағасының жауапқа тартылуын сұрап, күдіктілердің ата-аналары үндеу жасап жатыр. Түбінде бақилық болған Шерзат кінәлі боп шықпаса болғаны, – деп жазды журналист.
Оған ашуланған жұртшылық «Мыналарды да қамау керек, айыппұл салынсын», «Қай беттерімен үндеу жасап жатыр?», «Ұяттан безген екен», «Бұларды да түсінуге болады, әркімге өз бауыры артық» деп жазды.