Шиелі тұрғыны әйелін анасына көмектесуге оятқаны үшін сотқа тартылды

0
196

Қызылорда облысының Шиелі аудандық сотында әйелін ұрды деп айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Бұл ретте ол әйелін ұйқысынан оятып, «тыныштығын бұзған» көрінеді.

Сотталушы Д. жатын бөлмеде ұйықтап жатқан әйелі О.-ға жақындап, оны оятып, ұрыс шығарған. «Ерте тұрмайсың, анама үй шаруасына көмектеспейсің» деп айқайлаған. Осылайша, ол физикалық ауыртпалық туғызғанмен, денсаулыққа жеңіл зиян келтірген жоқ, – деп мәлімдеді сот.

Сотта ер адам өз әрекетін толығымен мойындап, әйелімен татуласуына байланысты істі қысқартуды сұрады. Оның сөзін жәбірленуші де растады.

Сотталушы Д.-ның әрекетінде Қылмыстық кодекстің 10-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықтар бар. Өлімге әкеп соқпаған қылмыстық құқықбұзушылық немесе онша ауыр емес, орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам жәбірленушімен татуласқан болса, қылмыстық жауаптылықтан босатыла алады, – делінген хабарламада.

Аудандық соттың қаулысымен сотталушы Д. жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.

Фото: dzen.ru



ПІКІР ЖАЗУ