Шораев: Шекараға ресейліктер үшін қатал режим енгізуіміз керек! (ВИДЕО)

0
130

«Ресей азаматтарының біздің шекарамызды кесіп өтуіне жол бермей, қатал визалық режим енгізуіміз керек!» Бұл туралы белгілі кәсіпкер, қоғам белсендісі Арман Шораев мәлімдеді, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.

«Ресейдің алжыған президенті мобилизация жариялады. Егер қажет болса мен «ядролық қаруды» қолданамын деді. Бұл блеф емес деп қайталап, әдиі тоқталып өтті. Бұл жағдайда біз Ресеймен неше түрлі ОДКБ, ЕврАзЭС, Кедендік одақ бәрінен жедел түрде бас тартуымыз керек! Президентіміз жақын арада сондай шешімге қол жеткізуі керек!»,- дейді Шораев. 

Арман Шораев Путин бұл соғыста жеңіліс тапқанына тоқталып, ресейліктерді Қазақстанға кіргізбеу керектігін атап өтті.

«Сонымен қатар бүкіл шекарамызда Ресейдің азаматтары үшін қатал визалық режим енгізуіміз керек. Өйткені, 18-60 дейін Ресейдің ер азаматтары бәрі Қазақстанға қашуды жөн көреді екен. Осы алдымыздағы 5-6 күнде бірнеше мың адам біздің шекараны көлікпен де, жаяу да кесуге тырысады. Оған жол бермеуіміз керек. Украина жеңеді! Бүгін Путиннің жариялаған жоспарлары сол жеңілістің ең мықты, әдемі көрінісі. Украина алға! Қазақстан алға!», – деді Арман Шораев.

 

 


ПІКІР ЖАЗУ