«Шын ақынды «сорлы еркек» атандырған». Балғынбек Имашев Мұқағалидан кешірім сұрады
987
Блогер Әлішер Теменов ақын Мұқағали Мақатаевқа қатысты даулы видеодан кейін, Балғынбек Имашев Мұқағали ақыннан өзі кешірім сұрауды жөн көріпті.
Ол ақиық ақынға өлең арнап, әлеуметтік желіде жариялады.
Кешір бізді, уа, Мұқа, айыптымыз, Қуып кеттік ақша мен хайпты біз. Тазалауға қоғамды немқұрайлы, Жазалауға бәріміз лайықтымыз! "Жас қайың" боп мың көктеп, мың солдыңыз, Құнсыз бе еді мисызға мұнша орныңыз? Шын ақынды "сорлы еркек" атандырған, Әрқайсымыз – шарасыз шын сорлымыз! Кешір бізді, кешірші, ақын Мұқа, Желіде отыр кіл дана, батыр, бұқа. Ақша адамды аздырып айуан қылды, Қалта қалың болса да, ақыл жұқа…, – деп жазған ол.Айта кетейік, басы дауға қалған блогер видеоны өшіріп, халық алдында кешірім сұрады.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
23:11
Өскемендегі дәмханалардың бірінде полиция қызме...
05.10.2026
21:57
«Барыс» буллит сериясында «Спартакты» жеңіп, мә...
05.10.2026
21:33
"Бөтен еркектің ұрығын салған". Ерлі-зайыпты кл...
05.10.2026
21:18
Асхат Тарғын: Әншілерді сахна немесе тойдікі де...
05.10.2026
21:09
Chevron компаниясы жаңа жылдан бастап басшылық ...
05.10.2026
20:57
Роза Әлқожа: Еркектер жағдайы жақсарса, неге бі...