Си Цзиньпин Қазақстанға келеді
14 қыркүйекте Қазақстанға Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келеді.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 14 қыркүйекте елімізге Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келеді.
Қазақстан мен Қытай басшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайтудың перспективаларын талқылайды. Келіссөздерден кейін бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр», – делінген хабарламада.
Дереккөз: Akorda.kz