«Сөз беремін»: Мұқағалиға тіл тигізген блогер желіге оралды

0
190

Желіні шулатқан блогер елден кешірім сұрады. Ол бұған дейін қарасаздықтардың талабымен әлеуметтік желідегі парақшасын жауып қойған еді.

Блогер жеке парақшасына ақын Қайнар Алагөзовтың өлеңін жариялады.

Қатемді кешіріңдер,

Тербеткен бесігімді ел.

Ертеңге сабақ болар,

Ескіріп осы күндер

Өкпені өшіріңдер.

Сөз беремін,

Мен енді өзгеремін,

Отаным жоқ

Өзіңнен өзге менің.

Еске салсақ, бұдан бұрын желіде танымал рилсмейкер, блогер Әлішер Теменов жарнама жасаған кезде қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізген еді. Оның видеосы желіде үлкен резонанс тудырған еді.

Кілтсөздер:мұқағали


ПІКІР ЖАЗУ