«Созылып, лағып жүресіңдер»: танымал бапкер Олимпиададағы боксшыларға шүйлікті

0
71

Танымал бокс бапкері Мұхит Амантаев TikTok желісінде Олимпиадада сынға түскен қазақстандық боксшыларды қатаң сынап, ағалық кеңесін берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол боксшылардың жекпе-жектеріне көңілі толмайтынын айтып ашуланды.

«Созылып, лағып жүресіңдер. «Қойшы ақылшы бола бермей» деп. Ақылшы болу бөлек нәрсе. Бірақ мен осы салада өстім, осы саланы білетіндіктен аға ретінде айтып отырмын. Мінез қайда? Бірінші раундтан бастап ұру, үсті-үстіне төпелеу қайда? Сонда ғана төрешілер мынау күшті екен, жеңіске деген құштарлығы бар екен дейді.

Үш раунд біткен соң лотерея күткендей, «жеңісті кімге береді екен» деп тұрмау керек. Өзіңнің жеңісіңе сенімді тұру керексің», – дейді бұрынғы боксшы, бүгінде бапкерлік жолда жүрген Мұхит Амантаев.

Фото: El.kz


ПІКІР ЖАЗУ