Студенттерге лудомания мен интернет тәуелділіктің зардабы түсіндірілді

0
100

Алматы қаласы Жастар саясаты Басқармасының тапсырысымен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің мәжіліс залында интернет психолог, Халықаралық психологтар қауымдастығының мүшесі Гүлбанум Мурадуллаевамен кездесу өтті. Кездесу «Интернетке тәуелділік және құмар ойындары» тақырыбында өрбіді.

Кездесуге 20 студент белсене қатысты. Гүлбанум ханым студенттерге лудоманияның адам өміріне тигізер зардабы мен қиындықтарын тілге тиек етіп, құмар ойындары мен интернетке тәуелділік дертіне шалдыққан ер азаматтардан болашақ өмірде қалай аулақ жүру керектігін де түсіндірді. Сондай-ақ, ғаламтор мен құмар ойындардың адам психологиясын қалай жылдам жаулайтынын да тілге тиек етті.

Кездесу соңында Гүлбанум ханымға студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, көңіл көншітерлік жауаптар алынды.


ПІКІР ЖАЗУ