Светлана Назарбаева қайтыс болды

0
145

Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіштің анасы Светлана Назарбаева 77 жасында қайтыс болды. Тиісті ақпаратты саясаттанушы Ербол Еділов өзінің Telegram арнасында хабарлады.

Светлана Назарбаева Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың әйелі болған. Сатыбалды Назарбаев 1981 жылы қайтыс болған. Олардан Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіш туған.

Ашық дереккөздерге сенсек, Светлана Назарбаева Алматы облысы, Бөрлі-төбе ауданы, Лепсі ауылында дүниеге келген. Филолог, педагогика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. «Дәуір» республикалық полиграфиялық баспа кешенінің бас директоры қызметін атқарды.

Сонымен қатар Светлана Назарбаева жылжымайтын мүлікті жалға берумен айналысатын «Интердизайн-АС» астаналық компаниясының иесі.

Фото: Ашық дереккөзден


ПІКІР ЖАЗУ