Тұрғындар енді су тұтыну деңгейі бойынша әртүрлі тарифпен төлейді

0
64

 

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің сөзінше, 11 ақпаннан бастап суды үнемдеу үшін лимитті 4 деңгейлі тарифпен белгілеу енгізіледі.

Бұйрықта суды тұтыну лимитін 4 деңгейлі тарифпен белгілеу қарастырылған:

І топ – айына 3 м3 дейін тұтынумен қолданыстағы тариф қолданылады (халықтың 49% тұтынады);

ІІ топ – айына 3-тен 5 м3-ке дейін тұтынумен, тариф қолданыстағы тарифтен +20%-ға жоғары (халықтың 20%-ы тұтынады);

ІІІ топ – айына 5 м3-тен 10 м3-ке дейін тұтынумен, тариф қолданыстағы тарифтен +50%-ға жоғары (халықтың 20%-ы тұтынады);

ІV топ – айына 10 м3 астам тұтынумен, тариф қолданыстағы тарифтен 100%-ға немесе 2 есеге жоғары (халықтың 11%-ы тұтынады).


ПІКІР ЖАЗУ