Төтенше жағдай туралы ескертудің не үшін «Президенттік құлақтандыру» деген тақырыппен келді?
Мass Alert тестілік режимдегі ескерту тұрғындарға 31 мамыр күні сағат 12:00-де келген. Алайда хабарлама тек Android операциялық жүйесі бар құрылғыларды пайдаланушыларға ғана жіберілді.
«3GPP TS 23.041 халықаралық спецификациясымен Cell Broadcast арнасының тақырып атаулары стандартталған. Осы спецификацияға сәйкес барлық телефон аппараттарын өндірушілер өздерінің мобильді құрылғыларында осы атауды операциялық жүйелер деңгейінде жүзеге асырады. Халықаралық спецификацияда қабылданған тақырыптардың атауы өзгермейді. Хабар тарату 4370 арнасында «Президенттік құлақтандыру» және «Ұлттық Құлақтандыру» деген тақырыппен жүргізілді, – деп жауап берді әкімдік.