Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қостанай облысына барды
Белгілі болғандай сапардың міндеті — су тасқыны жағдайын тұрақтандыру бойынша жұмысты үйлестіру. Жұмыс сапары барысында ведомство басшысы облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен бірлесіп эвакуациялық пункттерді, су басқан аула учаскелерін және Қостанай ауданындағы корей көпіріндегі бөгеттерді аралады.