«Тағы ажырасты»: Сейфуллин Жолбарыс ел арасында тараған әңгіменің нүктесін қойды

0
1270

Танымал әнші Сейфуллин Жолбарыстың әйелі біраз уақыт бұрын жантебірентерлік жазба жариялап, көпшілікті ойландырып қойған еді. Әншінің отбасына қатысты желі қолданушылары алаңдаушылық білдірген, деп хабарлайды Malim.kz.

Екатерина Жолбарыс Tik-Tok желісінде күйеуімен түскен суреттерін жариялап, мұңды жазба қалдырған.

Тамыз айында «Жүрегіңді өз қолыңмен кеудеңнен суырғандайсың. Осындай жағдайда да ары қарай өмір сүруге тура келеді екен», – деп жазды әншінің әйелі.

Желі қолданушылары бірден бұл жазбаны қызу талқылап ерлі-зайыптының ажырасып кеткенін болжап жазды.

«Ажырасты ма?», «Не болған бұларға?», «Бәрі бітті ма енді», «Қара фото көрсек қорқатын болдық қой», «Әдемі әйелі бар, не жетпейді?», «Сенгім келмейді. Бақытты болыңыздаршы. Жақсы жұпсыздар», «Не болып қалды екен?», «Бір нәрсе болғаны анық», – деп жазуда көпшілік.

Өнер иесі әйелімен бірге түскен суретін жариялап, көпшіліктің көкейіндегі сұраққа жауап бергендей болды. Ол «Парасат» орденін алған Ринат Гайсинді құттықтауға жұбайымен бірге барған.

Фото: instagram.com/s_zholbarys_official


ПІКІР ЖАЗУ