Тасқыннан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсететін бизнес өкілдері белгілі болды
315
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге демеушілік көмек көрсететін компанияларды атады.
Оның айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазақмыс» корпорациясы, «Каспи.КЗ», «KAZ Minerals» тобы өңір үшін демеушілік көмек көрсетеді.«Жалпы, бизнес өкілдері демеушілік міндеттеме алып отыр. Өңірлерге тізім бойынша бекіту жасадық. Ақмола облысы бойынша су тасқынының салдарын жою үшін Integra Construction және RG Gold сияқты ірі бизнес өкілдері демеушілік көмек көрсетеді. Ақтөбе облысы бойынша «Болат Өтемұратов қоры», «BI Group» АҚ және «ERG» компаниялар тобы» өңір үшін демеушілік көмек бөлуді жоспарлап отыр. Батыс Қазақстан облысы бойынша «Астана моторс» компаниялар тобы, «BI Group» АҚ, «Jusan» банк, «Банк Центр кредит» АҚ, «ҚазАзот» ЖШС, КПО демеу көрсететін болады. Қостанай облысы бойынша «ADD Capital», «ERG», «Аллюр» және «АгромашХолдинг», «Базис-А», сондай-ақ «RG Brands» компаниялары», - деді Қанат Бозымбаев.
«Қазіргі уақытта Атырау облысы су тасқыны салдарын жоюға Т.Құлыбаевтың және К.Рақышевті бір топ компаниясы көмек көрсететін болады», - деді ол.
Соңғы жаңалықтар
10.06.2026
18:33
«Патриотизм екінші орында қалды»: Вице-министр ...
10.06.2026
17:57
Алматыда белгісіз адам депутаттың ұлына тиісті ...
10.06.2026
17:49
Неліктен Тоқаев берген орден Асаубаеваға әлі кү...
10.06.2026
17:08
«Мәлімдемесі шындыққа сай келмейді»: Министрлік...
10.06.2026
17:06
«Ерте бастап, кеш танылдым»: Роза Әлқожа өнер ж...
10.06.2026
16:54
«Ақ үйде досыңыз бар»: Тоқаевқа Трамптың сәлемд...