Теңіз кен орнын кеңейту жобасының құны 2,2 млрд долларға артуы мүмкін

0
74

Энергетика министрлігі Теңіз кен орнын кеңейту жобасы бюджетінің ұлғаю себебін түсіндірді.

«ТШО Келешекте кеңейту жобасының – Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасын іске асырады. Жоба аясында ТШО өндірісі жылына 12 миллион тоннаға артады. ККЖ/ҰЕҚБЖ жобасы (Келешекте кеңейту жобасының – Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасы) іске асырудың соңғы сатысында. Жоба бойынша нақты шығындар $46 млрд құрайды, жұмыстың жалпы ілгерілеуі – 99,4 пайыз. Жоба бойынша негізгі құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталды. Қазіргі уақытта жүйелерді (Systems Completion) аяқтау және іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілуде», – деп атап өтеді министрліктен.

Ведомство мәліметінше, өткен жылдың қыркүйегінде ТШО жоба құнының жоспарланып отырған жалпы өсуі және кестенің ауысуы туралы атап өткен.

«Содан кейін ТШО серіктестермен бірлесіп, кесте тәуекелдерін және жоба құнын бағалау бойынша семинар (Cost and Schedule Risk Assessment) өткізді. Семинар нәтижелері негізінде ТШО серіктестерге $48,9 млрд ($2,2 млрд ұлғайту) мөлшеріндегі 2024 жылдың 2 тоқсанына (2024 жылдың желтоқсанынан бастап) ҰЕҚБЖ нысандарын іске қосуды және ККЖ объектілерін – 2025 жылғы 2 тоқсанға (2024 жылғы маусымнан бастап) ауыстыруды көздейтін жаңа жобаны бекіту бойынша сұрау салуды жолдады. Жоба бюджетінің ұлғаюы негізінен іске қосылатын объектілердің ауқымдылығына орай іске қосу-реттеу кезеңіндегі жұмыс көлемінің бағаланбауымен байланысты», – деп нақтылайды Энергетика министрлігінен.


ПІКІР ЖАЗУ