Тоқаев Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады

0
48

 

Қытай Халық Республикасының құрылғанына 75 жыл толуымен тұспа-тұс келетін биылғы айдаһар жылы мемлекетіңізді одан әрі өркендету жолында жетістіктерге толы боларына сенімдімін. Осы тұста Сіздің маңызды стратегиялық бастамаларыңыз бен тың жоспарларыңыздың сәтті жүзеге аса беруіне шынайы тілектеспін. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың «алтын 30 жылдығы» аясында игі мақсат-міндеттерімізге қол жеткізіп, халықтарымыздың жарқын болашағы жолындағы сындарлы әріптестігімізді жаңа деңгейге көтеруге айрықша мән беремін, – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Қытай халқына бақ-береке тіледі.

Оқи отырыңыз

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Сот Кеңесінің хатшысын тағайындады

ҚР Үкіметі Аппараты басшысының бірінші орынбасары тағайындалды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасының Президентін сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады


ПІКІР ЖАЗУ