ТРИАТЛОН. ЕЛОРДАДА ЕЛ БІРІНШІЛІГІ ӨТІП ЖАТЫР

0
63

 

Елордада кәсіпқой және әуесқой спортшылар арасында қысқы триатлоннан біріншілік өтті. Ауқымды додаға елдің түкпір-түкпірінен спортқа жаны құмар жандар жиналды. Сайыс қатысушылары 3 кезең бойынша сынға түсті. Төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатқан дәстүрлі додаға арна тілшілері де барып қайтты. Күннің суығына қарамастан бұл жерге жүзге жуық қатысушы жиналды. Әрқайсының аралық старты шамамен 20 секунд. Мәреде әр спортшыға медальдар мен түрлі сыйлықтар табысталды. Триатлон федерациясының вице-президенті Төлепберген Сүйінтаев өтіп жатқан шараның талабын, нормативтерін айтып берді. Төлепберген Сүйінтаев, Қалалық триатлон федерациясының вице-президенті: – Бүгінгі шарада 3 дисциплина болды. Біріншісі жүгіру 2,5 шақырым, одан кейін велосипед 3 шақырым, одан кейін шаңғы тебу 2,5 шақырым болды. Велоспорт 3 шақырымнан асты. Кішкентай арақашықтық. Ол қауіпті емес. Қауіпті мәселе болуы мүмкін бәрін ескердік. Спортсмендер олар велосипедті қысты күні тебу жолдарын біледі. Дәстүрлі сайыстың ережесімен етене таныс қатысушының бірі – Бақыт Мырзагелдин. Ол додада бағын сынау үшін Ақмола облысы Щучье қаласынан арнайы келді. 20 жылдан бері тұрақты түрде спортпен шұғылданады екен. Содан болар, 60-ты алқымдаса да ширақ қимылдайды. Бақыт Мырзагелдин, қатысушы: – Жастарға өнеге болу үшін жасым 63-тен асты. Сонда да спортпен айналысып өзімді жақсы сезінемін. 47 жастан бастап айналыстым. Бурабай, Ақмола облысы, Қазақстан бойынша жарыстарға қатысып жүлделі орындар алып жатырмын. Сайыс соңында қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай марапатталды. Үздік нәтиже көрсетіп жеңімпаз атанған спортшыларға қаржылай және бағалы сыйлықтар табысталды.


ПІКІР ЖАЗУ