Үйлену тойына келген 22 қонақ қаза тапты

0
210

Пәкістанның солтүстігінде үйлену тойына келген қонақтар мінген автобус өзенге құлап, кем дегенде 22 адам қаза тапты.

Dawn телеарнасы таратқан мәліметте, оқиғаның Диамер округінде (Гилгит-Балтистан) болғаны айтылады.

Сейсенбі күні  үйлену тойының шеруіне қатысқан автобус өзенге құлап, 22 адам суға батып кетті, – делінген хабарламада.

Автобуста болған қалыңдық қазіргі уақытта ауыр жарақатпен ауруханада жатыр.

Пәкістан президенті Асиф Али Зардари қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.

 


ПІКІР ЖАЗУ