Украинаға соғысқа барып өлсеңдер, күнәларың кешіріледі – Ресейдің бас патриархы

0
127

Орыс Православие Шіркеуінің Патриархы Кириллдің соңғы жексенбідегі уағызы  әлеуметтік желіде тарады. Онда ол Украинадағы соғыс туралы айта отырып, ресейліктерге құрбандық «әскери қызметтегі барлық күнәларды жуады» деп айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Бүгінгі таңда көптеген адамдар ішкі соғыс даласында қырылып жатқанын білеміз. Шіркеу бұл соғыстың мүмкіндігінше тезірек аяқталуын, бұл соғыста мүмкіндігінше аз бауырластардың бір-бірін өлтіруін сұрайды.

Сонымен қатар, егер біреу парыз сезіміне, ант орындау қажеттілігіне жетелейтін болса, өз шақыруына адал болып қалса және әскери борышын өтеу кезінде қайтыс болса, басқалар үшін өзін құрбан етсе, сөзсіз бұл құрбандық адамның жасаған барлық күнәларын жуады деп есептейміз”,- деді орыс православие шіркеуінің патриархы Кирилл.

adyrna.kz

politeko.kz


ПІКІР ЖАЗУ