Украинадан эвакуацияланған отандастарымыздың жартысына жуығы қайтадан сол елге оралған

0
74

 

Украинадан эвакуацияланған отандастарымыздың жартысына жуығы қайтадан сол елге оралған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

«Украинада соғыс басталған кезде Қазақстан азаматтарын эвакуацияладық. Оның жартысына жуығы қайтадан Украинаға қайтып кетті. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұр ма, жоқ па білмейміз. Өйткені, соғыс болып жатқанын бізден жақсы біледі. Оны қайта-қайта айта берудің қажеті жоқ. Әр адам қауіпсіздігіне өзі жауап береді. Бірақ Елшіліктің міндеті – азаматтар хабарласса, оларға көмектесу», – деді Айбек Смадияров бүгін ведомствода өткен апталық брифингте БАҚ өкілдерінің сауалына орай
28 наурыз күні еліміздің Сыртқы істер министрлігі Украинаның Одесса және Харьков облыстарындағы жағдайдың шиеленісуіне және қауіптің артуына байланысты Қазақстан азаматтарына осы аймақтардан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынған еді.


ПІКІР ЖАЗУ