Ұлан Қонысбаев Балжан Бидашты туған күнімен құттықтау үшін Астанадан Алматыға арнайы барды
Қазақстандық танымал әнші Балжан Бидаш 26 жасқа толған туған күнін ерекше атап өтті. Әнші сахнадағы әріптестері мен танымал қазақстандықтар үшін арнайы дастархан жайды. Бұл туралы Politico.kz nur.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Балжан Бидаш туған күнін Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде атті. Шоу-бизнес жұлдызын барша жақындары мен өнердегі достары құттықтап келген. Олардың арасында Фариза Ескермес, Айнұр Ілиясова, Жарқынай Ханайым, Жазира Еркін, Серік Ибрагимов, Жұлдыз Өмірғали, Айдай Исаева, Әсел Сағатова, Еркеш Хасен, Зарина Кармен, Тұрар Ыдырыс, Альбина Шардарова, Ғаділбек Жаңай және тағы да басқалары бар.
Айта кетерлігі, Балжан Бидашты 26 жасымен «Егіз лебіз» жобасындағы жұбы, экс-футболшы Ұлан Қонысбаев арнайы Астанадан келіп, құттықтаған.
Балжан Бидаш туған күні жоғары деңгейде өту үшін барын салып дайындалған. Әнші мейрамханаға кірер алдына қонақтары үшін қызыл кілем төсеп, үстелдерді ерекше дизайнда безендірген.
Фото: Видеодан кадр: Instagram/bidash_official