Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада 755 жоба тіркелген — Роман Скляр

0
792

Жыл басынан бері Инвестициялық штаб жалпы сомасы шамамен $45 млрд болатын 88 инвестициялық жобаны қарады.

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауын іске асыру шеңберінде «озық» инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингінің алгоритмі әзірленді, инвесторлармен тұрақты байланыс жолға қойылды. Сондай-ақ «инвестицияларға тапсырыс беру» тетігі әзірленді. Әкімдіктер өңірлік ерекшеліктер мен артықшылықтарды ескере отырып, жобаларға бастамашылық жасайды.

Инвестициялық штабтың шешімдерімен 80 нормативтік-құқықтық актіге қажетті өзгерістер мен толықтыруларды жедел енгізу жөнінде тапсырмалар берілді. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада жүргізілуде, онда 755 жоба тіркелген, — деп жұмыс нәтижелерімен таныстырды Роман Скляр.



ПІКІР ЖАЗУ