«Ұлымды Хасан өлтірді дегені дұрыс емес»: Қасымбаевтың әйелі шұғыл мәлімдеме жасады

0
163

 Хасан Қасымбаевтың жары Зүлфия Қасымбаева «Barys Media» Youtube арнасына сұхбат беріп күйеуінің еш кінәсі жоғын айтты, деп хабарлайды politico.kz Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап. 

 

«Біз көпке дейін үндемей келдік, бірақ енді бұлай жалғаспауы керек. Біз бірінші кезекте тексерілмеген, анық емес ақпаратты жеткізген блогерлерді сотқа береміз. Міне, жағымсыз пікірлерді қалдырған солар», — деді Қасымбаева.

Әйелі Шерзат Болаттың отбасын сотқа беруі жайлы күйеуі бостандыққа шыққан кезде «өзі шешетінін» айтты.

«Күйеуім үйге келген кезде, сол кезде өзі шешеді. Өздерінде қайғы бола тұрса, өзге отбасыны әуре-сарсаңға салып қойды. Өзімізбен өзіміз тыныш өмір сүріп жатқан отбасы едік. Маған, балаларыма, бүкіл туғандарымызға үлкен қысым жасалып жатыр», — деді Зүлфия Қасымбаева.

Зүлфия Қасымбаева Шерзат Болаттың отбасына көңіл айтып, бірақ «бүкіл әлемге күйеуі кінәлі екенін жар салу дұрыс емес» екенін айтты.

«Мен оларды түсінемін, олар балаларынан айырылды. Оларда үлкен қайғы болып жатыр. Мен оларға көңіл айтамын. Бірақ бұлай болмайды. Ұлымды осы өлтірді деп әлемге жар салу дұрыс емес. Күйеуімнің ешкіммен де соттасатын ойы жоқ. Әлі де солай», — деді Зүлфия Қасымбаева.

фото. kursiv.kz

 

Кілтсөздер:шерзат болат


ПІКІР ЖАЗУ