Үнді режиссері «Кальмар ойыны» өзінен ұрланғанын айтып, Netflix-ті сотқа берді

0
147

Үндістандық кинорежиссер Сохам Шах Netflix стримингтік платформасын сотқа берді. Ол америкалық компания түсірген Оңтүстік Кореяның «Кальмар ойыны» телехикаясы өзінің «Фортуна» үнді фильмінің плагиаты екенін мәлім етті, деп хабарлады politico.kz kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

Bloomberg басылымының хабарлауынша, шағым Нью-Йорк федералды сотына түскен.

«Кальмар ойынының» негізгі сюжеті, кейіпкерлері, тақырыптары, атмосферасы, барысы мен дәйектілігі «Фортунаға» ұқсас болғандықтан, мұндай ұқсастықтардың кездейсоқ болуы мүмкін екеніне сену қиын, – делінген шағымдағы жазбада.

Netflix өкілі бұл айыптаулардың негізсіз екенін алға тартты. Сол себепті қазір компания өз құқығын қорғауға ниетті.

Еске сала кетсек, 2022 жылы «Кальмар ойыны» басты Эмми сыйлығын жеңіп алған алғашқы шетелдік драмалық сериал болған еді. Ол шыққаннан кейін бірнеше ай бойы Netflix-тегі ең танымал сериялдардың бірі болды. Енді оның екінші маусымы 2024 жылдың соңында, ал соңғысы 2025 жылы шығады деп жоспарланып отыр.

Фото: ru.pinterest.com



ПІКІР ЖАЗУ