«Ұят емес пе»: Гүлзира Айдарбекова күйеуі өзін қалай еркелететінін көрсетті

0
397

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде ерекше видео жариялап, көпшілікке күйеуі өзін қалай еркелететінін көрсетті. Қайрат Нұртастың анасы аталмыш видеоға қатысты сыни пікір жазатындарға да жауап берді.

Гүлзира Айдарбекова аталмыш бейнежазбаны Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда продюсердің киініп, сыртқа шығып бара жатқанын көруге болады. Бұл сәтте Нұртас Айдарбеков келіншегінің сұлулығына тәнті болып, оған өлең жолдарын арнайды.

«Адам қанша қартайса да, жүрек 18-25 жастағыдай қартаймайды деген рас қой. Нүрекемнің шынайы өмірде қалай еркелететінін салып қояйыншы. Кейбіреулер «жас емессіңдер, ұят емес па?» деп жатады. Айтатындар айта берсін, сіздер де еркелеп жүре беріңіздерші. Аз ғана өмірде барымызды бағалайық», – деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.


ПІКІР ЖАЗУ