Жұлдыз Әбдікәрімова Париж Олимпиадасына қатысты ойын айтты

0
714

Отандық блогер Жұлдыз Әбдікәрімова Париж Олимпиадасына қатысты ойын айтты. Ол дүбірлі додаға аттанған қазақстандықтар жайлы да сөз қозғады, деп хабарлайды politico.kz KAZ.NUR.KZ.

Актриса өз пікірін Instagram желісінде жазды.

«Намысқа шапсаң – алысқа шабасың! Асыға күткен, төрткүл дүние түгел көз тіккен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындары ел үшін сәтті басталды. Иә, мен спортшы емеспін. Бірақ бұл доданы 6 жасар баладан бастап еңкейген қартқа дейін тамашалайды. Неге? Себебі бәсеке байрақты.

Бұл жолы Парижге елден 80 спортшы кетті. Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген еді. Ол жолдамаға қол жеткізу үшін жылдар бойы қанша тер төгілді. Кездейсоқ ешкім жоқ. Тазалық осында. Президент «Олимпиада ойындарының құндылықтары қарапайым спорт жетістіктерінен асып түсетінін» айтты. Мен онымен толық келісемін.

Қарапайым көрермен, ана, Қазақстан азаматы ретінде мынадай ой келді. Байқайсыз ба сол 80 спортшының ұлтын, дінін, тілін бөліп-жарып жатқан ешқайсымыз жоқ. Қандай киім киіп, не жеп-ішкенінде де шаруамыз жоқ. Тек барлығы да бірдей қазақстандық спортшылар екеніне жылимыз. Себебі осы жарысқа бару үшін, жолдама алу үшін олардың жасаған еңбегі бәрінен де бағалы.

Бір миссия, бір байрақ, бір елдің намысын қорғайды. Міне бірлік осында. Иә, Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Бірақ бір бағытқа қарап, дәл осы кезеңдегідей бір-бірімізге бауырмал сезіммен, аса құрметпен қарай алсақ қана алынбаймыз. Ұсақталмаймыз.

Жүлделі спортшылармызды зор мақтанышпен құттықтаймын. Ал сәл ғана сәттілік, сәл ғана тәжірбие жетпей қалып жатқан спортшыларымызға екі есе алғыс айтамын. Себебі сіздер біз үшін мақтаныш, жастар үшін үлгісіздер», – деді ол.


ПІКІР ЖАЗУ